"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қосарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылында қайта аталсын:
Советская көшесі Бірлік көшесіне;
Комсомольская көшесі Болашақ көшесіне;
50 лет Октября көшесі Еңбек көшесіне;
60 лет Октября көшесі Достық көшесіне.
2. "Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қосарал ауылдық округінің әкімі | А. Байкадамова |