Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қарашадағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округінің "Березовка" ауылы "Үміт апа" ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы | М. Стрелковская |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Бексейітова |