Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласы әкімінің 2017 жылғы 30 қазандағы "Кенжекөл ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Т. Қ. Сқақовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Н. Әшімбетов |