Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.09.2020 № 523/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 398/53 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 шілдесінде № 1 "Ел Ақпарат" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 9) тармақшасының төртінші абзацындағы жаңа басылымда түсіндірілсін: "жалғыз тұратын мүгедектер (ең төменгі күнкөріс шегінен қарамастан); жұмыссыз және (немесе) мүгедектерден тұратын отбасылар; жалғыз тұратын зейнетақы жасы алдындағы жұмыссыздар: ерлермен және әйелдер (зейнеткерлікке шыққанға дейін екі жыл); жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз адамдар; жан басына шаққандағы орташа табыстары күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар";
7-тармақтың 9) тармақшасының бесінші абзацындағы жаңа басылымда түсіндірілсін: "қайтыс болған уақытта уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздар; уәкілетті органда тіркелуіне қарамастан зейнеткер жасы алдындағы жұмыс істемеген: ерлермен және әйелдер (зейнеткерлікке шыққанға дейін екі жыл); онкологиялық, туберкулез ауруымен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (бұдан әрі – ЖҚТБ) ауруынан қайтыс болғандар; қайтыс болған мерзімді қызмет әскери қызметшілері; 18 жасқа дейінгі балалар, орта білім беретін арнаулы оқу орындарының оқушылары және күндізгі оқу бөліміндегі студенттер; жұмыс істемейтін 7 жасқа дейін балалары бар әйелдер (ерлер)";
7-тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацындағы жаңа басылымда түсіндірілсін: "туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдардың амбулаторлық емделуі".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. Айтқазина |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Мұқашева |