Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 93/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 наурызда № 5919 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 528/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 21.06.2023 № 528/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 2, 5-тармақтарына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф бір сапар үшін:

      қала ішінде 70 (жетпіс) теңге көлемінде;

      қоныстану аймағы сыртына 90 (тоқсан) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары К.З. Арыновқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Н. Дычко
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақсу қалалық
      мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев
      2018 жылғы "27" ақпан

Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Аксу

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 27 февраля 2018 года № 93/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 14 марта 2018 года № 5919. Утратило силу постановлением акимата города Аксу Павлодарской области от 21 июня 2023 года № 528/5

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Аксу Павлодарской области от 21.06.2023 № 528/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 9) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктами 2, 5 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", акимат города Аксу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить единный тариф для всех маршрутов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Аксу за одну поездку:

      по городу в размере 70 (семьдесят) тенге;

      за селитебную зону в размере 90 (девяносто) тенге.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Аксу Арынова К.З.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Аксу Н. Дычко
      "СОГЛАСОВАНО"
      Секретарь Аксуского
      городского маслихата М. Омаргалиев
      "27" февраля 2018 года