Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылының "Отделение № 2" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоянды ауылдық округінің әкімі | М. Ахметзянова |