Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі Шолақсор ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шолақсор ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округінің Шолақсор ауылындағы келесі көшелері:
"Целинная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі;
"Космонавтов" көшесі "Ғарышкер" көшесі;
"Советская" көшесі "Достық" көшесі;
"8 марта" көшесі "Болашақ" көшесі;
"Ленинградская" көшесі "Тың" көшесі;
"Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;
"Садовая" көшесі "Бірлік" көшесі;
"Целинная" көшесі "Береке" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолақсор ауылдық | |
округінің әкімі | Х. Ахтанов |