Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі Қожамжар ауылының тұрғындарының пікірі ескеріле отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Қожамжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі Қожамжар ауылының келесі көшелері мен тұйық көшелері:
"Береговая" көшесі "Жағалау" көшесі болып;
"60 лет Октября" көшесі "Егемен" көшесі болып;
"Целинная" көшесі "Ертіс" көшесі болып;
"40 лет Победы" көшесі "Жеңіс" көшесі болып; "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып; "Степная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
"Олимпийский" тұйық көшесі "Сарыарқа" тұйық көшесі болып; "Интернациональный" тұйық көшесі "Бірлік" тұйық көшесі болып;
"Садовый" тұйық көшесі "Астана" тұйық көшесі болып; "Школьный" тұйық көшесі "Жастар" тұйық көшесі болып; "Луговой" тұйық көшесі "Береке" тұйық көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қожамжар ауылдық | |
округінің әкімі | С. Тезекбаев |