Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 268/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 қарашада № 6097 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 415/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 10.12.2019 № 415/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекеттік сатып алуды жүргізудің сапасын арттыру мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 29/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Каиргельдинов

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "1" қазандағы
№ 268/10 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Р/с №

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен асатын, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алулар


О внесении изменения в постановление акимата Баянаульского района от 29 января 2016 года № 29/01 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором"

Постановление акимата Баянаульского района Павлодарской области от 1 октября 2018 года № 268/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 2 ноября 2018 года № 6097. Утратило силу постановлением акимата Баянаульского района Павлодарской области от 10 декабря 2019 года № 415/12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Баянаульского района Павлодарской области от 10.12.2019 № 415/12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", в целях эффективного использования бюджетных средств и повышения качества проведения государственных закупок акимат Баянаульского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Баянаульского района от 29 января 2016 года № 29/01 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4955, опубликованное 14 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Баянаульского района" принять иные необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Баянаульского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района О. Каиргельдинов

  Приложение
к постановлению акимата
Баянаульского района от "1"
октября 2018 года № 268/10

Бюджетные программы и товары, работы, услуги,
по которым организация и проведение государственных
закупок выполняется единым организатором

№ п/п

Наименование

1

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона) в рамках бюджетных программ развития, предусматривающих реализацию бюджетных инвестиционных проектов районным местным исполнительным органом

2

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона), если сумма лота (пункта плана), выделенная на закуп превышает трехтысячекратный месячный расчетный показатель, но не более стотысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год по инициативе заказчиков