Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Качир ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 2-19/88 ұсынысы негізінде, Береговое ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауыру фактісі бойынша жүргізілген ветеринарлық-санитарлық іс-шараларына байланысты Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округі Береговое ауылының келесі көшелерінде шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:
"Тәуелсіздік" көшесі № 16 үйден № 36 үйге дейін;
"Мир" көшесі № 12 үйден № 43 үйге дейін;
"Лермонтов" көшесі № 1 үйден № 34 үйге дейін;
"Гагарин" көшесі № 3 үйден № 32 үйге дейін;
"Целинная" көшесі № 1 үйден № 43 үйге дейін;
"Абай" көшесі № 63 үйден № 112 үйге дейін;
"1 Май" көшесі № 7 үйден № 36 үйге дейін;
"Катаев" көшесі № 4 үйден № 21 үйге дейін;
"Победа" көшесі № 48 үйден № 76 үйге дейін.
2. Качир ауданы Береговое ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 тамыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5622 тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Береговое ауылдық | |
округінің әкімі | Р. Құланбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Качир ауданының ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Т. Анапиянов |
2018 жылғы "26" қазан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Тереңкөл аудандық | |
аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесі басшысының | |
міндетін атқарушы | Е. Нұрғазинов |
2018 жылғы "26" қазан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрлігі | |
Қоғамдық денсаулық сақтау | |
комитеті Павлодар облысы | |
Қоғамдық денсаулық сақтау | |
департаментінің Качиры аудандық | |
қоғамдық денсаулық сақтау | |
басқармасы" республикалық | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Б. Тоғаева |
2018 жылғы "26" қазан |