Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспектордың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 1-28/545 ұсынысы негізінде, Қызыләскер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Лебяжі ауданының Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі "Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5072 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 сәуірдегі аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 17 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызыләскер ауылдық округі | |
Әкімінің міндетін атқарушы | Т. Сейтов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрілігі | |
Ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Лебяжі | |
аудандық аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ғ. Сағалов |
2018 жылғы "5" ақпан |