Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Май ауданында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018 жылға арналған жоспарды бекіту туралы" № 2/23 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5800 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Сембин |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |