Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Саты ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Саты селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданы Саты ауылының "50 жылдық Октябрь" көшесі "Астана" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саты селолық округінің әкімі | Ә. Дүсіпов |