Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы "Кеткен аудандық мәслихат депутатының орнына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" № 290/8 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2010 жылдың 22 қыркүйекте Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында № 12-12-96 тіркелген, 2010 жылғы 09 қазандағы "Сельские будни" аудандық газетінде № 41 жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Саламацкий |