Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 25.07.2019 № 242/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 72/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5022 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Маралды", "Трибуна" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған басқа да қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Әбеуов |
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "11" желтоқсандағы № 479/10 қаулысына қосымша |
|
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" наурыздағы № 72/2 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бойынша
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын
бюджеттік бағдарламалары және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Р/с № | Атауы |
1 | Ауданның жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының аясында конкурс (аукцион) әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу |
2 | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың айлық есептік көрсеткіштен артық болған жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, тұрғын үйді конкурс (аукцион) әдісімен сатып алу |