Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Молодежное ауылдық округін және Молодежное ауылын қайта атау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 171 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 21/11 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 маусымда № 4787 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 1 маусымдағы оң қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мағжан Жұмабаев ауданының Молодежное ауылдық округі Мағжан ауылдық округі;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Молодежное ауылдық округінің Молодежное ауылы Жастар ауылы болып қайта аталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жарияланғаннан кейін Басқарманың және Мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және Мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ХХІ сессиясының төрағасы
Б. Жалғасбаев
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
В. Бубенко

О переименовании Молодежного сельского округа и села Молодежное района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области

Совместное постановление акимата Северо-Казахстанской области от 18 июня 2018 года № 171 и решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 18 июня 2018 года № 21/11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 28 июня 2018 года № 4787

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", на основании заключения областной ономастической комиссии при акимате Северо-Казахстанской области от 1 июня 2018 года акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВИЛ и Северо-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Переименовать:

      Молодежный сельский округ района Магжана Жумабаева в сельский округ Магжан;

      село Молодежное Молодежного сельского округа района Магжана Жумабаева на село Жастар.

      2. Коммунальным государственным учреждениям "Управление по развитию языков акимата Северо-Казахстанской области" (далее – Управление) и "Аппарат Северо-Казахстанского областного маслихата" (далее – Аппарат маслихата) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного постановления акимата и решения маслихата в республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего совместного постановления акимата и решения маслихата направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Северо-Казахстанский региональный центр правовой информации – филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего совместного постановления акимата и решения маслихата на интернет-ресурсе Управления и Аппарата маслихата после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата и решения маслихата возложить на заместителя акима области по курируемым вопросам и руководителя Аппарата маслихата.

      4. Настоящее совместное постановление акимата и решение маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Северо-Казахстанской области
К. Аксакалов
      Председатель ХХІ сессии
Северо-Казахстанского
областного маслихата
Б. Жалгасбаев
      Секретарь
Северо-Казахстанского
областного маслихата
В. Бубенко