"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка селолық округінің Власовка селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі №8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 09 қарашада № 1937 тіркелген, 2012 жылғы 22 қарашада аудандық "Колос" және "Аққайың" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында, мәтінінде және шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;
тақырыбы, мәтіні және шешімнің қосымшасы орыс тіліндегі өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі | Е. Витковская |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ О.Плищенко
2018 жылғы "11" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
сәулет,құрылыс, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
___________________ Б. Омаров
2018 жылғы "11" шілде