"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка селолық округі Трудовое селосының көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1924 тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашасында аудандық "Колос" және "Аққайың" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Григорьевка ауылдық округінің әкімі |
Ә. Мәкенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлім" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі басшысы
________________ О. Плищенко
2018 жыл "20" тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
сәулет, құрылыс, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
_________________Б.Омаров
2018 жыл "20" тамыз