"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі №16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 қазанда № 1904 тіркелді, 2012 жылғы 29 қазанда аудандық "Аққайың", "Колос" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі тақырыбында, шешімнің мәтінінде, шешімнің қосымшасында "в ауле", "аула" "аульного" сөздері "в селе", "села" "сельского" сөздерімен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі тақырыбы, шешімнің мәтіні, шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Г. Добромирова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ О. Плищенко
2018 жылғы "10" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
сәулет, құрылыс, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
______________________Б. Омаров
2018 жылғы "10" шілде