"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Южное селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 қазанда №1906 тіркелінді, 2012 жылғы 29 қазанда аудандық "Аққайың", "Колос" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбында, шешімнің мәтінінде, шешімнің қосымшасында "селосы", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің мәтінінде, шешімнің қосымшасында "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Г. Добромирова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесініңбасшысы
___________________ О. Плищенко
2018 жылғы "10" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет,
құрылыс, тұрғын үй-
коммуналдықшаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
коммуналдықмемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________________Б. Омаров
2018 жылғы "10" шілде