"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 наурызда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің 5 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2019 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енетін 3-тармағын қоспағанда.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.