Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 16.04.2021 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 8) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№13898 тіркелген) бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Дудов |
Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "18" мамырдағы № 140 қаулысына қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 29.03.2019 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы əкімдігінің 26.11.2019 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Скрипковский" шаруа қожалығы | 10 | 10% | 1 |
"Камилла Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 10 % | 1 |