"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тайынша ауданы Тихоокеан селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-11-194 тіркелді, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Тайынша Таңы" газетінде және 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздерді, "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ. Кипасов |