Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-7-тармағына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тимирязев аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №18/2 "2018-2020 жылдарға арналған Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. 2018-2020 жылдарға арналған Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 39 966,2 мың теңге:
салықтық түсімдер – 23 806 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 16 160,2 мың теңге;
2) шығындар – 39 966,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге.";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХVI сессиясының төрағасы |
Ж. Қосыбаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Мұстафин |
Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қазандағы № 26/2 шешіміне қосымша | |
Тимирязев аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 18/2 шешіміне 1 қосымша |
2018 жылға арналған Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінiң бюджетi
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
1. Кірістер | 39 966,2 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 23 806 | ||
01 | Табыс салығы | 9 300 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 9 300 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 14 506 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 665 | ||
3 | Жер салығы | 2 271 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 11 570 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 16 160,2 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 16 160,2 | ||
3 | Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен түсетiн трансферттер | 16 160,2 | ||
Функционалдық топ | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | Бағдарлама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
2. Шығыстар | 39 966,2 | |||
1 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 17 072 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 17 072 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 17 072 | ||
4 | Бiлiм беру | 574 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 574 | ||
005 | Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру | 574 | ||
7 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 11 601,2 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 11 601,2 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2 710 | ||
010 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 111 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 1 320 | ||
014 | Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру | 7 460,2 | ||
12 | Көлiк және коммуникация | 719 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 719 | ||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 719 | ||
13 | Басқалар | 10 000 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 10 000 | ||
040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 10 000 | ||
3. Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
5. Бюджет тапшылығы (профицитi) | 0 | |||
6. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0 |