Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданның Көктерек ауылдық округі әкімінің 27.02.2019 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облсы Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-11/275 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Көктерек ауылының аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллез ауруы аңықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Уәлиханов ауданы | |
Көктерек ауылдық округінің | |
әкімі | Е.Алимов |