Ескерту. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 13.05.2021 № 7/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың қоса берілген Әдістемесі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 11/4 шешімі күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4106 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 наурызда жарияланған).
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының ХХІІІ сессиясының төрағасы |
Ы.Махметова |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы |
Ө. Әмрин |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының2018 жылғы 30 наурыздағы № 23/3 шешімімен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы;
3) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
4) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
5) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процестік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
6) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға - "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мекеме аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы.
3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
4. Қызметшінің нақты лауазымға келу мерзімі, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан кейін немесе оқуды аяқтағаннан кейін үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалыста, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшілерін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқы бар жоғары тұрған басшымен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
8. Бағалауға байланысты құжаттар Мәслихат аппаратында лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маманда бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
2. НМИ анықтау тәртібі
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарындағы НМИ тікелей басшымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
11. Тікелей басшының жеке жұмыс жоспары жоғары тұрған басшымен бекітіледі.
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жоспарды жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
13. НМИ:
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (бағалау кезеңі ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
14. НМИ саны 5 құрайды.
15. Жеке жұмыс жоспары Мәслихат аппаратында, лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маманда сақталады.
3. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы "Б" корпусының бағалауға жататын қызметшісіне НМИ-ге қол жеткізу және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
20. Тікелей басшының бағалау парағы оны қарастыруға жоғары тұрған басшыға енгізіледі.
21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман 2 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оны Комиссияның қарауына ұсынады.
4. Құзыреттерді бағалау тәртібі
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады.
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман 2 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оны Комиссияның қарауына ұсынады.
5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
29. Лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
34. Комиссияның хатшысы лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
36. Лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.
39. Бағалаудың нәтижелері жоғары тұрған басшымен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
40. Лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маман "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маманмен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда лауазымдық міндетіне кадр жұмысын жүргізу енген бас маманмен "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі Мәслихат аппаратының интранет-порталы арқылы жолданады.
43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________
жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________ Қызметшінің лауазымы: ____________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________________ __________________________________________________________________________
№ | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы | "Б" корпусы қызметшісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімдері | Түйінді нәтиже* |
* нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші Тікелей басшы
___________________________ ___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________ күні _______________________
қолы ____________________ қолы ____________________
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
№ п/п | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші Тікелей басшы
___________________________ ___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________ күні _______________________
қолы ____________________ қолы ____________________
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне 3-қосымша | |
нысан |
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________
жыл (бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________ __________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________________________________________________
№ р/с | Құзыреттер атауы | Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) | Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Ынтымақтастық | ||
3 | Шешім қабылдау | ||
4 | Жеделділік | ||
5 | Өздігінен даму | ||
6 | Қызметті тұтынушыға бағдарлану * | ||
7 | Қызметті тұтынушыларды хабарландыру * | ||
8 | Адалдық | ||
9 | Жауапкершілік | ||
10 | Бастамашылдық | ||
11 | Стресске орнықтылық |
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші Тікелей басшы
___________________________ ___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________ күні _______________________
қолы ____________________ қолы ____________________
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесіне 4-қосымша |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы | Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
Қызметтік басқару | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді. |
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді. |
E-4 |
Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды. |
Тапсырмаларды жүйесіз орындайды. | |
Ынтымақтастық | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады. |
Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады. |
E-4 |
Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді. |
Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді. | |
Шешім қабылдау | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады. |
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды. |
E-4 |
Қажетті мәліметтерді таба алады. |
Қажетті мәліметтерді таба алмайды. | |
Қызметті тұтынушыға пайдалану | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді. |
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді. |
E-4 |
Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді. |
Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді. | |
Қызметті тұтынушыға ақпараттандыру | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды. |
Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді. |
E-4 |
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады. |
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады. | |
Жеделділік | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді. |
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді. |
E-4 |
Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. |
Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады. | |
Өздігінен даму | E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады. |
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды. |
E-4 |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады. |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды. | |
Адалдық | E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды. |
Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді. |
E-4 |
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді. |
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады. | |
Стреске орнықтылық | E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
E-4 | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
Жауапкершілік | E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) | Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
E-4 | Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
Бастамашылдық | E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. |
E-4 | Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________ бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
№ | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы: ___________________________________________________ Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: __________________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)
Комиссияның төрағасы: ___________________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)
Комиссия мүшесі: ___________________________________ Күні: ______________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)