Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымның тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2018 жылға Атырау облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.С. Сайлауоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |