"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2018-2019 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Атырау облысы Білім беру басқармасы" және "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.С.Сайлауоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "7" тамыздағы № 193 қаулысына қосымша Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "7" тамыздағы № 193 қаулысымен бекітілген |
2018-2019 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с | Мамандық коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | оның ішінде базасында | |
күндізгі оқыту | 9 сынып | 11сынып | |||
1. | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | 0101000 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқу | 140 | 105 | 35 |
2. | 0103000 | Дене тәрбиесі және спорт | 45 | 25 | 20 |
3. | 0105000 | Бастауыш білім беру | 150 | 125 | 25 |
4. | 0111000 | Негізгі орта білім беру | 50 | 50 | - |
5. | 0301000 | Емдеу ісі | 50 | - | 50 |
6. | 0302000 | Медбикелік іс | 100 | - | 100 |
7. | 0303000 | Гигиена және эпидемиология | 25 | - | 25 |
8. | 0305000 | Лабораториялық диагностика | 25 | - | 25 |
9. | 0403000 | Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы (бейін бойынша) | 15 | 15 | - |
10. | 0404000 | Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) | 36 | 36 | - |
11. | 0405000 | Хор дирижеры | 14 | 10 | 4 |
12. | 0407000 | Ән салу | 10 | 10 | - |
13. | 0409000 | Актерлік өнер | 2 | - | 2 |
14. | 0506000 | Шаштараз өнері және сәндік косметика | 40 | 25 | 15 |
15. | 0507000 | Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру | 25 | 25 | - |
16. | 0508000 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | 180 | 145 | 35 |
17. | 0701000 | Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау (түрлері бойынша) | 20 | 20 | - |
18. | 0801000 | Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) | 10 | 10 | - |
19. | 0807000 | Мұнай мен газ кәсіпшіліктерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 15 | 15 | - |
20. | 0809000 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) | 55 | 55 | - |
21. | 0810000 | Мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ қоймалары мен жанар май құю станцияларын салу және пайдалану | 10 | 10 | - |
22. | 0816000 | Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) | 15 | 15 | - |
23. | 0819000 | Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы | 35 | 35 | - |
24. | 0901000 | Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) | 65 | 65 | - |
25. | 0902000 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 115 | 90 | 25 |
26. | 0907000 | Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) | 15 | 15 | - |
27. | 0911000 | Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) | 50 | 40 | 10 |
28. | 1013000 | Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика | 80 | 60 | 20 |
29. | 1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 225 | 180 | 45 |
30. | 1115000 | Өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар (түрлері бойынша) | 20 | 20 | - |
31. | 1119000 | Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар | 35 | 25 | 10 |
32. | 1201000 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 215 | 150 | 65 |
33. | 1202000 | Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) | 10 | 10 | - |
34. | 1203000 | Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 60 | 50 | 10 |
35. | 1204000 | Cу көлігін пайдалану (бейін бойынша) | 15 | 15 | 0 |
36. | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 100 | 25 | 75 |
37. | 1219000 | Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі | 50 | 25 | 25 |
38. | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 115 | 85 | 30 |
39. | 1305000 | Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) | 10 | 10 | - |
40. | 1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | 10 | 10 | - |
41. | 1401000 | Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану | 200 | 120 | 80 |
42. | 1402000 | Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) | 50 | - | 50 |
43. | 1403000 | Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) | 50 | 25 | 25 |
44. | 1412000 | Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі | 20 | 20 | - |
45. | 1501000 | Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 60 | 45 | 15 |
46. | 1504000 | Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) | 100 | 100 | - |
47. | 1505000 | Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) | 15 | 15 | - |
48. | 1511000 | Жерге орналастыру | 25 | 25 | - |
49. | 1513000 | Ветеринария | 50 | 30 | 20 |
50. | 1516000 | Өрт қауіпсіздігі | 25 | 25 | - |
51. | 1517000 | Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша) | 65 | 65 | - |
Барлығы | 2917 | 2076 | 841 |
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с | Мамандық коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
оның ішінде | |
күндізгі оқыту | 9 сынып | 11 сынып | |||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1. | 0508000 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | 25 | 25 | - |
2. | 0902000 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 25 | 25 | - |
3. | 0911000 | Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) | 25 | - | 25 |
4. | 1013000 | Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика | 50 | 50 | - |
5. | 1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 25 | 25 | - |
6. | 1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | 25 | 25 | - |
7. | 1501000 | Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 25 | 25 | |
8. | 1504000 | Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) | 50 | 50 | - |
Барлығы | 250 | 225 | 25 |