Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 16.08.2018 № 415 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 01-6/120 хатына сәйкес Қайыршақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайыршақты ауылдық округі, "Өтепберген" шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малы арасында пастереллез ауруының пайда болуына байланысты аталған шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.