"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2018 жылғы 1 қарашадағы № 14-11/298 ұсынысы негізінде Бақсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Бақсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 34 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4219 санымен тіркелген, 2018 жылғы 9 тамыз Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Қ. Мажиев |