"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылқоға ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 39 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3809 санымен тіркелген, 2017 жылы 7 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (А.Ж. Жанқуатов) жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Баженов |