"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысына сәйкес Есбол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданы Есбол ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) № 1 көшеге – "Жамбыл" есімі;
2) № 2 көшеге – "Сәкен Сейфуллин" есімі;
3) № 3 көшеге – "Исатай" есімі;
4) № 4 көшеге – "Құрманғазы" есімі;
5) № 5 көшеге – "Махамбет" есімі;
6) № 6 көшеге – "Сырым" есімі;
7) № 7 көшеге – "Мұхтар Әуезов" есімі;
8) № 8 көшеге – "Абдолла Мусағалиев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Сабиров |