"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округінің Төрткөл елді мекені әкімшілік-аумақтық бірлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округінің Төрткүл елді мекені болып қайта аталсын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімдігі осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж. Түймебаев |
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Д. Абіш |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Балабиев |
Ә.Ш. Өсербаев | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Б.С. Жамалов | |
Е.Ә. Садыр | |
Ұ. Сәдібеков | |
Т.Қ. Сәрсембаев | |
А.С. Сәбитов | |
А.Б. Тасыбаев |