Ескерту. Күші жойылды -Түркістан облыстық мәслихатының 28.04.2023 № 2/20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 21/250-VІ "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4512 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Түркістан облыстық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Түркістан облыстық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде":
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Түркістан облыстық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Түркістан облыстық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес Түркістан облыстық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін Түркістан облыстық мәслихаты хатшысымен Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, Комиссия жұмысы персоналмен жұмыс лауазымдық міндетіне кіретін Түркістан облыстық мәслихат аппаратының қызметкерімен (бұдан әрі – персоналды басқару қызметіне жауапты маман) қамтамасыз етіледі.
Комиссия құрамы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысымен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Түркістан облыстық мәслихат аппаратының басшысын бағалау парағы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысына енгізіледі.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Комиссия төрағасын не мүшесін алмастыру Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының Комиссия құру туралы өкіміне өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.";
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымшада:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Түркістан облыстық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары".
2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таратылатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н. Әшіров |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Балабиев |