"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Арыс қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Арыс қалалық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Арыс қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Г.Әуезова |
Қалалық мәслихат хатшысы | А.Байтанаев |
Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/144-VІ шешіміне қосымша |
Арыс қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 46/277-V "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3468 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 1 қаңтардағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған);
2. Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 46/278-V "Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3469 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 1 қаңтардағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған);
3. Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6/34-VІ "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3863 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 29 қазандағы "Арыс ақиқаты" газетінде және 2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).