Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері туралы

Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 40/202-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 23 қарашада № 4804 болып тiркелдi

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қаласы бойынша 1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне арналған салықтық мөлшерлемелері 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 2,0 теңгеге дейін төмендетілсін.

      2. "Түркістан қалалық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық маслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Х.Азимов
      Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сарсенбаев

О базовых налоговых ставках на придомовые земельные участки

Решение Туркестанского городского маслихата Туркестанской области от 19 ноября 2018 года № 40/202-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 23 ноября 2018 года № 4804

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 505 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Снизить ставки налога на придомовые земельные участки, превышающие 1000 квадрадных метров с 6,0 тенге до 2,0 тенге за 1 квадратный метр по городу Туркестан.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Туркестанского городского маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) направление копии настоящего решения в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) направление копии настоящего решения в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории города Туркестан;

      4) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Туркестанского городского маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата Х.Азимов
      Секретарь городского маслихата Г.Сарсенбаев