Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 07.06.2019 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Төлеби ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 224 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-занасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатзын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4172 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 11 тамыздағы "Төлеби туы" газетінде және 2017 жылғы 03 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Парманов |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" сәуірдегі № 189 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы ұйымдарының тізімі
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 302 | 1 | 1 |
2 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Төлеби аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 1060 | 1 | 2 |
3 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 326 | 1 | 1 |
4 | Төлеби ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар, көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ленгір су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 106 | 1 | 1 |
5 | Төлеби ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Төлеби су шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 49 | 1 | 1 |
6 | Төлеби аудандық ветеринария бөлімінің "Төлеби ауданының ветеринариялық қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 122 | 1 | 1 |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" сәуірдегі № 189 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Төлеби ауданының ұйымдарының тізімі
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 302 | 1 | 1 |
2 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Төлеби аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 1060 | 1 | 2 |
3 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 326 | 1 | 1 |
4 | Төлеби ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар, көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ленгір су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 106 | 1 | 1 |
5 | Төлеби аудандық ветеринария бөлімінің "Төлеби ауданының ветеринариялық қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 122 | 1 | 1 |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" сәуірдегі № 189 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданының ұйымдарының тізімі
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 302 | 1 | 1 |
2 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 326 | 1 | 1 |
3 | Төлеби аудандық білім бөлімінің "№ 2 Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 1 | 1 |
5 | Төлеби аудандық білім бөлімінің "№ 3 П. Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 105 | 1 | 1 |
6 | Төлеби аудандық білім бөлімінің "№ 7 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 135 | 1 | 1 |
7 | Төлеби аудандық білім бөлімінің "№ 16 Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 78 | 1 | 1 |
8 | Төлеби аудандық білім бөлімінің "Бірінші Мамыр жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 174 | 1 | 1 |
9 | Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "№ 8 колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 122 | 1 | 1 |
10 | Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "№ 9 колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 118 | 1 | 1 |