Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 28.08.2020 № 185 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 529-бабының 6-бөлігіне сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түлкібас ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Турашбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түлкібас ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін уақытша атқарушы
______________ Н.Айдагараев
30 қараша 2018 жыл
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 778 қаулысына қосымша |
Түлкібас ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Елді мекеннің атауы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Т.Рысқұлов ауылы | 2 |
2 | Қараағашты ауылы | 1,88 |
3 | Бақыбек ауылы | 1,88 |
4 | Састөбе кенті | 1,99 |
5 | Қызылту ауылы | 1,75 |
6 | Ынтымақ ауылы | 1,75 |
7 | Түлкібас кенті | 1,99 |
8 | Көктерек ауылы | 1,65 |
9 | Иірсу ауылы | 1,35 |
10 | Ақбура ауылы | 1,35 |
11 | Ақбиік ауылы | 1,95 |
12 | Құлан ауылы | 1,89 |
13 | Сартүр ауылы | 1,80 |
14 | Шақбақ баба ауылы | 1,93 |
15 | Разъезд 114 | 1,50 |
16 | Машат ауылы | 1,85 |
17 | Жаңа қоғам ауылы | 1,75 |
18 | Қызылбастау ауылы | 1,55 |
19 | Еңбек ауылы | 1,65 |
20 | Еңбекші ауылы | 1,65 |
21 | Кершетас ауылы | 1,85 |
22 | Келтемашат ауылы | 1,85 |
23 | Ақсай ауылы | 1,45 |
24 | Даубаба ауылы | 1,60 |
25 | Коғалы ауылы | 1,50 |
26 | Жиынбай ауылы | 1,65 |
27 | Сеславино ауылы | 1,65 |
28 | Керейт ауылы | 1,85 |
29 | Мақталы ауылы | 1,85 |
30 | Қайыршақты ауылы | 1,20 |
31 | Балықты ауылы | 1,85 |
32 | Ұрбұлақ ауылы | 1,85 |
33 | Көкбұлақ ауылы | 1,85 |
34 | Абай ауылы | 1,85 |
35 | Шарафкент ауылы | 1,85 |
36 | Жаскешу ауылы | 1,95 |
37 | Пістелі ауылы | 1,45 |
38 | Жанұзақ ауылы | 1,60 |
39 | Рысқұл ауылы | 1,85 |
40 | Тастұмсық ауылы | 1,87 |
41 | Амангелді ауылы | 1,83 |
42 | Қабанбай ауылы | 1,83 |
43 | Жыланды ауылы | 1,76 |
44 | Қарабастау ауылы | 1,60 |
45 | Азаттық ауылы | 1,99 |
46 | Жаңаталап ауылы | 1,80 |
47 | Шұқырбұлақ ауылы | 1,85 |
48 | Тастыбұлақ ауылы | 1,78 |
49 | Майтөбе ауылы | 1,90 |
50 | Қожамберді ауылы | 1,85 |
51 | Таусағыз ауылы | 1,85 |
52 | Көксағыз ауылы | 1,86 |
53 | Кемербастау ауылы | 1,87 |
54 | Күмісбастау ауылы | 1,79 |
55 | Майлыкент ауылы | 1,60 |
56 | Разъезд 117 | 1,40 |
57 | Алғабас ауылы | 1,85 |
58 | М.Жарымбетов ауылы | 1,85 |
59 | Елтай ауылы | 1,87 |
60 | Жабағылы ауылы | 1,86 |
61 | Разъезд 115 | 1,35 |
62 | Абайыл ауылы | 1,72 |