Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Шардара ауданы әкімінің 26.02.2020 № 05 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Шардара ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара ауданы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Шардара ауданы әкімінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 22 "Шардара ауданында сайлау учаскелерін құру, олардың орталықтарын және шекараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-128 тіркелген, 2012 жылдың 27 қаңтарда "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) және 2016 жылғы 3 ақпандағы № 2 "Шардара ауданында сайлау учаскелерін құру, олардың орталықтарын және шекараларын белгілеу туралы" Шардара ауданы әкімінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3573 тіркелген, 2016 жылдың 12 ақпандағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г.Амантайға жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Кистауов |
КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________Ш.Жариякүл
"19" қараша 2018 жыл
Шардара ауданы әкімінің "19" қараша 2018 жылғы № 09 шешіміне қосымша |
Шардара ауданы аумағындағы сайлау учаскелері.
№ 849 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, Ж.Қолдасов көшесі № 4, Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Ж.Қолдасов көшесінен басталып, Н.Оңдасынов көшесі мен Жаушықұм ауылына баратын жолмен балық тәлім бағы, аудандық туберкулезге қарсы диспансерімен айналып Ж.Қолдасов көшесімен, Т.Маханбетов, Т.Бокин көшелерін және "Әсем-ай" мөлтек ауданын, "Шардара-Абай" тасжолының бойында орналасқан үйлерді қамти отырып, аяқталады.
№ 850 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі № 36, № 1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Н.Оңдасынов көшесінің солтүстік бөлігі, Ж.Есалиев көшесімен солтүстікке бұрылып, Ғ.Мұратбаев көшесінен шығысқа қарай бұрылып, Ж.Қолдасов көшесіне дейін, шығыс жағы – Ж.Қолдасов көшесінің (осы көшені қоспағанда) туберкулезге қарсы диспансер қоршауының батыс бөлігіндегі көшелерді қамти отырып, тік жарға дейін, қорымнан айналып, мал дәрігерлік станциясына баратын жолдың шығыс бөлігін қамтиды.
№ 851 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, Әл-Фараби көшесі № 16Б, "Шардара" мектеп-лицейінің ғимараты.
Шекаралары: Хауыздан шығысқа қарай жыра бойымен Н.Оңдасынов көшесіне шығып, оңға бұрылып, Шымкентке шығатын трассаның бойынан Жаушықұм, Ұзыната көшелерін қамти отырып, мемлекеттік автоинспекция бекетіне дейін. Мемлекеттік автоинспекция бекетінен оңға бұрылып, саяжайдың батыс жағындағы жолмен хауызға дейін.
№ 852 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі № 30, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: құрылыс материалдары комбинатының батыс жағымен, жардың етегінен батысқа бұрылып, Сырдария өзеніне тіреліп, оның оң жағасымен Оңтүстікке бұрылып қоймаларды айналып, Төменгі тоғай елді мекенін қамти отырып, құрылыс материалдары комбинатына тіреледі.
№ 853 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, Ө.Түгелбаев даңғылы № 3А, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Абай, Әйтеке би көшелерінің қиылысынан бастап, Әйтеке би көшесінің сол жақ бойынан орман шаруашылығы мекемесі ғимаратымен, автосервис ғимаратын, құрылыс материалдары комбинатымен су электр станциясы гаражы, механикалық жөндеу зауытын айналып, Әйтеке би көшесіне тіреледі.
№ 854 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, Қ.Елмұратов көшесі № 13, "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамының ғимараты.
Шекаралары: су қоймасы жағасымен солтүстікке қарай, "Бихон" мейрамханасына баратын жолды бойлап, тікелей Төлеби көшесін кесіп өтіп көтерме сауда базары қорасының солтүстігімен Абай көшесіне шығып, Абай көшесімен, Пионер поселкісімен өтіп, су қоймасына тірелгенше.
№ 855 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі № 7А, М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Төле би, Қазыбек би көшелерінің қиылысынан (№ 42-48 үйлер) шығысқа қарай, Қазыбек би көшесіне дейін және осы көше бойымен Әйтеке би көшесінің сол жағындағы, Абай көшесінің сол жағындағы тұрғын үйлерді қамти отырып, шығысқа қарай Н.Төреқұлов көшесі аумағын қамтиды.
№ 856 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, С.Әшіров көшесі № 63, Түркістан облыстық № 4 спорт мектебі.
Шекаралары: Қазыбек би, Әл-Фараби көшелерінің қиылысынан Әл-Фараби көшесінің бойындағы үйлерді қамти отырып, № 16 кәсіптік колледжге баратын жол бойымен телестанция, су қабылдау торабы аумағымен Шардара су қоймасы жағалауы, "Теңіз клубы" аумағымен қоса қамтиды.
№ 857 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, Б.Тәжиев көшесі № 25А, "Қаз Сушар" РМК ОҚОФ Шардара өндірістік бөлімшесінің ғимараты.
Шекаралары: "Шардара" каналының сол жағасымен тазалау жүйесін айналып өтіп, солға қарай айналып, мұнай қоймасынан № 14 бекетке дейін.
№ 858 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, К.Байсейітова көшесі № 15, Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Су электр станциясынан Сырдария өзенінің сол жағалау мен эстакада өткелімен батысқа қарай бұрылып, Шардара каналының оң жақ жағасымен оңтүстікке бұрылып, Қызылқұм каналымен су реттегішке барып тіреледі.
№ 859 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, С.Әшіров көшесі, № 8, Аудандық орталық аурухана ғимараты.
Шекаралары: Шардара қаласы, Аудандық орталық аурухана.
№ 860 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаушықұм ауылы, "Жаушықұм" мектеп-лицейінің ғимараты.
Шекаралары: Жаушықұм ауылдық округінің аумағы.
№ 861 сайлау учаскесі
Орталығы: Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара ауылы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Шардара ауылының аумағы.
№ 862 сайлау учаскесі
Орталығы: Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді мекені, № 7 бастауыш мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Қуанқұдық, Бимырза, Пішентөбе, Есалықұдық елді мекендері, тауарлы сүт фермасының аумағы.
№ 863 сайлау учаскесі
Орталығы: Көксу ауылдық округі, Көксу ауылы, С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Көксу ауылының аумағы.
№ 864 сайлау учаскесі
Орталығы: Көксу ауылдық округі, Көксу ауылдық округіне қарасты Айдарқұл-Қашар елді мекені, № 8 бастауыш мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Айдарқұл-Қашар елді мекенінің аумағы.
№ 865 сайлау учаскесі
Орталығы: Көксу ауылдық округіне қарасты Баспанды елді мекені. № 9 бастауыш мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Баспанды және Жоласар елді мекендері аумақтары.
№ 866 сайлау учаскесі
Орталығы: Қоссейіт ауылы, "Сырдария" жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Қоссейіт ауылдық округінің аумағы.
№ 867 сайлау учаскесі
Орталығы: Көксу ауылдық округі, Сырдария ауылы, Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясының ғимараты.
Шекаралары: Сырдария ауылының аумағы, тауарлы сүт фермасын қоса алғанда.
№ 868 сайлау учаскесі
Орталығы: Ұзын ата ауылы, "Ұзын ата" жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Ұзын ата ауылдық округінің аумағы.
№ 869 сайлау учаскесі
Орталығы: Алатау батыр ауылы, "Қазақстан" бастауыш мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Алатау батыр ауылдық округі, "Ақ алтын" акционерлік қоғамының мақта қабылдау бекетінен бастап М.Исмагулов көшесінің оң жағы көшені бойлап, жылу қазандығынан кейінгі "Тәуелсіздік" көшесінен солтүстікке қарай ауылдың аяғына дейін, Шардара-Арыс трассасы бойында орналасқан тұрғын үйлерді қамтиды.
№ 870 сайлау учаскесі
Орталығы: Сүткент ауылы, Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Сүткент ауылдық округінің аумағы.
№ 871 сайлау учаскесі
Орталығы: Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылы, "Қызылқұм" жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Қызылқұм ауылдық округінің аумағы.
№ 872 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшенгелді ауылдық округі, Ақ алтын ауылы, "Ақ алтын" жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Ақшеңгелді ауылдық округінің Ақ алтын елді мекенінің аумағы.
№ 873 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшенгелді ауылдық округі, Егізқұм ауылы, "Егізқұм" жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Ақшенгелді ауылдық округінің Егізқұм елді мекенінің аумағы.
№ 874 сайлау учаскесі
Орталығы: Достық ауылдық округі, Достық ауылы, "Достық" жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Достық ауылдық округінің аумағы.
№ 875 сайлау учаскесі
Орталығы: Алатау батыр ауылы, С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Алатау батыр ауылы, М.Исмагулов көшесінің сол жағы, Бекет елді мекенінің аумағы.
№ 876 сайлау учаскесі
Орталығы: Шардара қаласы, № 2037 шекаралық заставасының ғимараты.
Шекаралары: № 2037 шекара Заставасы және байланыс әскери бөлімі.