РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 12) тармақшасына, "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10190) бұйрығына, "Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 4-2/1048 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13052) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша 2018 жылға квоталар:
1) бірегей тұқымдар бойынша – осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған әрбір субъект үшін;
2) элиталық тұқымдар бойынша – осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін айқындалсын.
2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "5" ақпандағы № 19 қаулысына 1 қосымша |
Бірегей тұқымдар бойынша – тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған әрбір субъект үшін 2018 жылға квоталар
тонна |
Бірегей тұқым өндірушілердің атауы | Бидай | Арпа | Сұлы | Қарақұмық | Тары | Бұршақ |
"Опытное хозяйство масличных культур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 391,8 | |||||
"Семена масличных" шаруа қожалығы | 350,4 | 59,3 | 143,8 | 121,5 | 4,5 | |
"Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 248,7 | 68,5 | 24,6 | 50 | 1,75 | 20 |
кестенің жалғасы:
тонна |
Бірегей тұқым өндірушілердің атауы | Күнбағыс | Зығыр | Біржылдық шөптер | Көпжылдық шөптер | Жасымық | Қытайбұршақ |
"Опытное хозяйство масличных культур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||||||
"Семена масличных" шаруа қожалығы | 17,2 | 28,7 | ||||
"Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 7,57 | 36 | 20,25 | 2,6 | 9,45 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "5" ақпандағы № 19 қаулысына 2 қосымша |
Элиталық тұқымдар бойынша – әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін 2018 жылға квоталар
Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 14.08.2018 № 241 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Тонна |
Қала/аудан атаулары | Бидай | Арпа | Сұлы | Қара бидай | Қарақұмық | Дәнді бұршақты дақылдар | Тары | Тритикале |
Аягөз | 110 | 80 | ||||||
Бесқарағай | 70 | 35 | 15 | |||||
Бородулиха | 600 | 150 | 10 | 150 | 50 | 5 | 10 | |
Глубокое | 6679,5 | 236,4 | 57 | 581,7 | 200 | 22 | ||
Жарма | 240 | 211 | 5 | 90 | ||||
Зайсан | 61 | 9 | 10 | |||||
Зырян | 610 | 80 | 60 | 25 | 30 | |||
Катонқарағай | 250 | 50 | 60 | 25 | ||||
Көкпекті | 500 | 40 | 10 | 15 | 1,5 | |||
Күршім | 10 | 10 | 5 | |||||
Тарбағатай | 150 | 150 | ||||||
Ұлан | 1450 | 150 | 150 | 30 | 20 | 15 | ||
Үржар | 450 | 250 | 100 | 150 | ||||
Шемонаиха | 550 | 65 | 45 | 25 | ||||
Семей қаласы | 51,6 | 41 | 3,5 |
кестенің жалғасы:
Қала/аудан атаулары | Рапс | Күнбағыс | Қытайбұршақ | Зығыр | Сафлор | Көпжылдық шөптер |
Біржылдық | Картоп |
Аягөз | 20 | |||||||
Бесқарағай | 35 | 10 | 15 | 200 | ||||
Бородулиха | 5 | 200 | 0,5 | 0,5 | 5 | 20 | 150 | |
Глубокое | 100 | 696,25 | 50 | 50 | 54 | 50 | 100 | |
Жарма | 46 | 8 | 32 | 22 | 50 | |||
Зайсан | 5 | 110 | 10 | 19 | ||||
Зырян | 50 | 50 | 15 | 30 | ||||
Катонқарағай | 20 | 1 | ||||||
Көкпекті | 30 | 4 | 4 | 5 | ||||
Күршім | 5 | 3 | 1 | 20 | ||||
Тарбағатай | 25 | 200 | 1 | 20 | 500 | |||
Ұлан | 20 | 300 | 30 | 30 | 80 | 100 | 50 | |
Үржар | 250 | 100 | 70 | 40 | 10 | 250 | ||
Шемонаиха | 12 | 18 | 5 | 80 | ||||
Семей қаласы | 2 | 7,4 | 30 | 25 | 232 |