Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.02.2024 № 37 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3392, 2014 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 22 шілдедегі № 83 (17020) "Дидар", 2014 жылғы 21 шілдедегі № 82 (19529) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулыға 1-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік сандары 65-1, 65-2 жолдарымен толықтырылсын:
"
65-1 | "Быт-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты (Жеке кәсіпкер "Проскурякова Галина Григорьевна") | Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Чапаев көшесі, № 41 үй |
65-2 | "Быт-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты (Жеке кәсіпкер "Гуслякова Нина Александровна") | Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Чапаев көшесі, № 41 үй |
".
2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |