РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13717) бұйрығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 3-3-5/20277-1 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 бірлікке (литр, килограмм) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 261 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5675, 2018 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 15 қыркүйектегі, 18 қыркүйектегі "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы:
келесі тармақтармен толықтырылсын:
"
148 | Имазамокс 16,5 г/л+ Имазапир 7,5 г/л | ||
Евро-лайтнинг Плюс, 2,4 % в.р.к. | литр | 2 543,1 | |
149 | Феноксапроп - п-этил, 140 г/л + клодинафоп - пропаргил, 90 г/л+ клоквинтоцет - мексил (антидот), 60 г/л | ||
Кугар, к.э. | литр | 2 800,0 | |
150 | С-метолахлор, 960 г/л | ||
Метал Плюс 960, к. э. | литр | 2 415,0 |
".
2. Облыстық ауыл шаруашылығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |