РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Михайловка ауылындағы "Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы кешені жер учаскелерінің тұстамасындағы Рулевка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шемонаиха ауданының Михайловка ауылындағы "Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы кешені жер учаскелерінің тұстамасындағы Рулевка өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
Әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Су ресурстары комитетінің | |
Су ресурстарын пайдалануды реттеу | |
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік | |
инспекциясының басшысы | |
______________ | Қ. Баймағамбетов |
2018 жылғы "30" қараша
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрлігі | |
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облысы | |
Қоғамдық денсаулық сақтау | |
департаментінің басшысы | |
______________ | Ғ. Сүлейменов |
2018 жылғы "30" қараша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "04" желтоқсандағы № 349 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Михайловка ауылындағы "Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы кешені жер учаскелерінің тұстамасындағы Рулевка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
"Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы кешені жер учаскелерінің тұстамасындағы Рулевка өзені | 0,421 | 3,43 | 47-107,5 | 0,485 | 1,68 | 35 |
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.