РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасындағы көлік туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппаратты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық Әділет органында мемлекеттік тіркеуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулыны ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Кудияровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласы | |
әкімінің міндетін атқарушы | О. Булавкина |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "15" тамыз № 3450 қаулысымен бекітілген |
Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамвай) жолаушылар тасымалдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамвай) жолаушылар тасымалдау тәртібін анықтайды (бұдан әрі - Қағида).
2. Қағида Өскемен қаласының барлық аумағында әрекет етеді және барлық жеке және заңды тұлғаларға меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады.
3. Осы Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер:
1) қалалық рельсті көлік (трамвай) – қала және қаламаңы аймағы шегінде жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі;
2) маршрут – белгілі бір бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасындағы трамвайдың белгіленген жүру жолы;
3) бағыттың сұлбасы – шартты белгілермен бейнеленген маршруттың графикалық бейнесі;
4) қозғалыс кестесі – жолаушыларды тұрақты тасымалдайтын маршрут бойынша трамвайлар қозғалысының орны және уақыты туралы мәліметі бар график және/немесе кесте;
5) рейс – маршруттың бастапқысынан соңғы пунктіне дейінгі трамвай жолы;
6) аялдама пункті – жолаушыларды отырғызу, түсіру және оларға қызмет көрсетуге арнап жасалынған және қолданылатын жол бөлігі;
7) жол-сапар парағы – көлік құралының жүргізушілеріне күнделікті берілетін, жүргізушінің жұмысына есеп жүргізетін негізгі құжат;
8) жолаушыларды көлікпен тұрақты тасымалдау – бастапқы және соңғы пункттері белгіленген, сонымен қатар аралық аялдамалық бекеттері бар, алдын-ала келісілген белгілі бір маршруттар, қозғалыс кестесі бойынша трамвайларды қолдана отырып, тасымалдаушылар жүзеге асыратын тасымалдаулар;
9) жол жүру құжаты (билет) – қағаз немесе электрондық түрдегі құжат, оны ресімдеу арқылы қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалынады;
10) қол жүгі – осы Қағидамен белгіленген нормалар шегінде трамваймен тасымалданатын және жинақталған жолаушының мүлкі;
4. Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы әрбір вагонда, тасымалдаушымен рәсімделетін және осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес трамвай вагонын техникалық тексеру және рейс алдында және рейстен кейін жүргізушіні медициналық куәландырудан өту туралы белгімен ауысу кезінде берілетін жол-сапар парағын қамтамасыз етеді.
2. Қалалық рельстік көлікпен (трамвай) жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі
5. Жолаушыларды көліктік тұрақты тасымалдаулар жолаушылар ағымын талдаулар негізінде, азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылатын, бекітілген бағыт желісі бойынша іске асырылады.
6. Жол төлемінің мөлшері мен шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.
7. Жолаушыларды тұрақты қалалық рельсті тасымалдау маршруттарында жол жүру төлемақысы жолаушылардың кондукторға қолма-қол ақша беруімен немесе жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы жүргізіледі.
8. Қалалық рельсті көлікте жол ақысы нақты жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттерін) берумен белгіленеді.
9. Біржолғы бақылау билеті жолаушының жол жүріп өту аралығына қарамастан, бір бағытта, бір маршрут бойынша жол жүру кезіне ғана жарамды болады.
3. Қалалық рельсті көлікке (трамвай) қойылатын талаптар
10. Жолаушыларды тасымалдауға арналған жылжымалы құрамы күнделікті кем дегенде күніне екі рет тазалануы және трамвайдың тоқтап тұрған жерлерінде ластануына қарай тазаланып отыруы тиіс.
11. Жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары:
1) қолданылу мерзімі өтпеген қажетті дәрі-дәрмектері және медициналық құралдары бар медициналық қорабымен;
2) еңкіш жолда көлік құралы тоқтап тұрған жағдайда өздігінен жылжымауы үшін тұрақтандыруға арналған тұрақ құралымен (тоспа);
3) апаттық тоқтау белгісімен;
4) өртке қарсы құралдармен;
5) трамвай салонында маршруттар, сондай-ақ жол-көлік уақиғалары болған жағдайда есікті, терезені жедел ашу және шыныны шешу тәсілдері туралы ақпараттық тақтайшалармен;
6) апаттың салдарынан есіктер ашылмай қалған жағдайда трамвай салонының шынысын сындыруға арналған балғалармен;
7) дыбыстық сигналмен;
8) жаһандық позициялау жүйесі және автоматтандырылған дауысты зорайтқыш қондырғымен жабдықталуы қажет.
12. Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға қызмет көрсету үшін арналған көлік құралдарында болуы керек:
1) ешқандай кедергісіз ашылып және жабылатын жолаушылар салонының есіктері. Сонымен қатар, көлік құралының есіктерінің үшкір және шығыңқы беттері болмауы қажет;
2) жүргізушінің кабинасына және жолаушылар салонына атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайтын жабық күйдегі төбе жабыны және терезелер;
3) берік бекітілген жиектері және орындықтары;
4) жолаушыларға арналған таза және жыртылмаған орындықтар және арқалықтары;
5) тегіс, шығыңқы немесе нашар бекітілген бөлшектерсіз, салонның тегіс баспалдақ және едені. Салонның еден жабыны ешбір ақаусыз және жақсы жататын материалдан жасалынуы керек;
6) көруді төмендететін шаң-тозаңнан, бояудан және басқа заттардан тазаланған терезенің шынысы. Терезенің әрбір саңылауы 30 пайыздан артық көлемде ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен жабылмауы керек;
7) жылдың салқын кезеңінде жылытылатын және ыстық кезіңде желдетілетін, аспаптармен және қосалқы бөлшектермен ластанбаған жолаушылар салоны.
13. Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға қызмет көрсету үшін арналған көлік құралының салонында жүргізуші кабинасының қасында келесідей мазмұндағы ақпараттық тақта орналастырылуы керек:
1) тасымалдаушының толық аталуы;
2) осы машрут бойынша қозғалыс кестесі және машруттың сұлбасының белгіленген тәртіпте расталған көшірмесі;
3) жол жүруге және жүкті тасуға белгіленген тариф;
4) жол жүру және жүкті тасуға жол ақысын төлемегендігі үшін айыппұл көлемі;
5) осы Қағидадан жолаушылардың және тасымалдаушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты бөлігінен үзінді көшірме.
14. Трамвайдың алдыңғы, бүйірлік және артқы жақтарында маршруттың нөмірі көрсетілген трафареттер орнатылуы қажет.
15. Тасымалдаушы жүргізушілерінің рейс алдында және рейстен кейін медицина қызметкерлерден дәрігерлік тексеруден өтулерін қамтамасыз етеді.
4. Жолаушылардың құқықтары және міндеттері
16. Жолаушы құқықтары:
1) 7 жасқа дейінгі бір баланы, оған жеке орын беру құқығынсыз өзімен тегін жүргізуге, сондай-ақ 7 жасқа дейінгі жастағы қалған балаларға құны 50 пайыз билет алуға;
2) толық билет құнынан 50 пайыз төлеммен 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға билет алуға;
3) апаттық, ақаулығына және сол сияқтыларға байланысты маршруттан трамвайды шығарған кезде бұрын сатып алынған билет бойынша осы бағыттағы басқа трамвайда жүруге;
4) маршрут бойынша трамвай қозғалысы толық тоқтаған жағдайда, жолаушыға жол ақысы толығымен өтеледі;
5) өзімен бірге тұмылдырық кигізілген, қарғы бауы бар итін жолаушылардың жол ақысы құны бойынша жеке төлем жүргізе отырып, алып жүруге құқылы, ұсақ жануарларды кәрзіңкелерде немесе сөмкелерде тасымалдау үшін ақы төленбейді;
6) жол жүруге және багажды алып жүру үшін төленген төлемдерге байланысты жүргізушіден, кондуктордан билет талап етуге құқылы;
17. Жолаушы міндеттері:
1) маршрут бойынша бір рет жол жүруге билет сатып алуға;
2) жол жүрудің соңына дейін жол жүру төлемін растайтын билетті бастапқы қалпында сақтауға;
3) кондукторға, контролерге және жүргізушіге тексеру үшін олардың алғашқы талап етуі бойынша жол жүру құжаттарының (билеттерінің) барлық түрін ашық түрде көрсетуге. Жолаушының тиісті жеңілдікпен жол жүру құқығын растайтын құжаты болған жағдайда жеңілдікпен және тегін жол жүруі жүзеге асырылуы мүмкін;
4) жолақысын және (немесе) багажды өзімен алып жүру үшін ақы төлеуден бас тартқан жағдайда, сондай-ақ жарамсыз немесе жалған билеттерді немесе құжаттарды көрсеткен жағдайда, жолақысы мен багажды өзімен бірге алып жүру үшін ақының төленгендігін бақылайтын уәкілетті тұлғаның талап етуі бойынша жақын аялдама пунктінде трамвай салонын босатуға міндетті.
18. Рельсті көлік қызметтерін пайдаланған кезде жолаушыларға тыйым салынады:
1) өзінің жол жүру билетін басқа тұлғаға беруге;
2) жарамсыз жол жүру билетпен жүруге;
3) трамвай баспалдағында және трамвайдың жол жүруге арналмаған басқа элементтерінде жол жүруге;
4) трамвай жүріп келе жатқанда оған кіруге және түсуге;
5) жазатайым оқиғаларды болдырмау қажеттіліктерінен басқа жағдайларда, есіктерді ашу үшін механизмерді, тоқтату-крандарын әрекетке келтірмеуге, сондай-ақ есіктердің жабылуына немесе ашылуына кедергі келтірмеуге;
6) жолаушылар мен орындықтарды былғауы мүмкін лас киіммен салонға өтуге және багажды алып жүруге;
7) терезеден үңіліп қарауға, орындыққа багажды қоюға, кондуктордың орнын иемденуге;
8) кабина есігінің табалдырығында немесе жүргізуші кабинасында тұрып оның көңілін аударуға, қозғалыс уақытында сөйлесуге, сондай-ақ жүргізушінің салонды шолып қарауын жауып, кабинасы маңында тұруға;
9) трамвай салонында кез келген хабарламаларды және жарнама парақтарын тасымалдаушы әкімшісінің келісімінсіз жапсыруға;
10) трамвайдың ішкі жабдықтарын бүлдіруге;
11) трамвайдың салонында қоғамдық тәртіпті бұзуға, шылым шегуге, ішкілікті немесе (және) наркотикалық мас күйде болуға, ішімдік немесе спиртті ішімдік ішуге, наркотикалық құрал немесе психитроптық зат тұтынуға;
12) тасымалдауға тыйым салынады:
- тез тұтанғыш, жарылғыш, жеңіл тұтанғыш, жағымсыз иісті, уландырғыш, уытты заттар;
- ұзындығы, ені және биіктігі өлшеу бойынша 180 сантиметр асатын ауқымды багажды;
- салмағы 60 килограммнан асатын багаж;
- ұзындығы 190 сантиметрден асатын ұзын заттар (шаңғыдан басқа).
Өскемен қаласының қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды қағидаларына қосымша |
№ _____ жол парағы
айы__________ 20 _____ жыл
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___класс ___куәлік № ________
Айдың күні | Вагон № | Бағыт № | Кесте № | Шығу уақыты | Кіру уақыты | Сапар саны | Қалалық рельсті көлікті желіге техниқалық жарамды күйде қабылдады | Медициналық күәлан дыру өту туралы белгі леу | Қалалық рельсті көлікті желіге техниқа лық жарамды күйде шығарды | |||||
жоспар бойынша | нақты | жоспар бойынша | нақ ты | жоспар бойынша | нақты | диспетчердің қолы | шебердің қолы | жүргізушінің қолы | рейс алдында | рейстен кейін | ||||
Ұйымның басшысы |
Бас бухгалтер |
Мөрдің орны |