Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 11.08.2020 № 55/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 12 500 (он екі мың бес жүз) теңге мөлшерде көрсетіледі.
2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:
1) әлеуметтік қолдау көрсетуді тағайындауды уәкілетті орган – "Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қызмет беруші) жүзеге асырады;
2) жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) әлеуметтік қолдауды алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызмет берушіге немесе ауылдық округ әкіміне еркін нысанда жазылған өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады;
3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті
орган келесі мерзімде қабылдайды:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға негіз болады:
өтініш беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы; өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Бесқарағай ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 24.12.2019 № 47/10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Х. Мукинов |
Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы | Қ. Садықов |
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 29/7-VI шешіміне қосымша |
Бесқарағай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 26/7-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3520 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінде 2014 жылы 22 қарашада № 94 санында жарияланған).
2. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 26/7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 4/8-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4618 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінде 2016 жылы 10 тамызда № 66 санында жарияланған).
3. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 26/7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12/6-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5132 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 28 шілдеде жарияланған).