Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 04.03.2019 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 – бабы 4 - тармағының 8 - 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 54 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5538 тіркелген, 2018 жылғы 6 сәуірде "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 20 наурызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған), келесі толықтыру енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулы 2- қосымшамен толықтырылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г. Акулов |
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "24" желтоқсан № 266 қаулысына 2 - қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Ұйымның атауы | Тәрбиеленушілер саны (адам) | Айына бір тәрбиеленушіге кететін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, теңге | Бір айдағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге | |||
БАРЛЫҒЫ | Оның ішінде: | Оның ішінде: | |||||
Толық күн келу | Жарты күн келу | Толық күн келу | Жарты күн келу | ||||
1 | "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімі аппаратының "Солнышко" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 201 | 201 | - | 25159 | - | 9800 |
2 | "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімі аппаратының "Тополек" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 201 | 201 | - | 22548 | - | 9800 |
3. | "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі әкімі аппаратының "Балдәурен" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 204 | 204 | - | 16719 | - | 9800 |