Зайсан ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 27-9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 шілдеде № 5-11-161 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 56-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 56-4 шешімімен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8, 13 - баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Айнабеков
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

  Зайсан аудандық мәслихатының
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 27-9 шешімімен бекітілген

Зайсан ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспар

      Осы Зайсан ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар мазмұны:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы Жоспардың 1 қосымшасына сәйкес;

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары осы Жоспардың 2 қосымшасына сәйкес;

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы осы Жоспардың 3 қосымшасына сәйкес;

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы осы Жоспардың 4 қосымшасына сәйкес;

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы осы Жоспардың 5 қосымшасына сәйкес;

      6) ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы осы Жоспардың 6 қосымшасына сәйкес;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі осы Жоспардың 7 қосымшасына сәйкес;

      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Зайсан ауданында 1 қала және 8 ауылдық округ, 37 ауылдық елді мекендер орналасқан.

      Зайсан ауданының жалпы көлемі 1 044 424 га, оның ішінде жайылымдық жерлер – 747 944 га, суармалары жерлер – 28 562 га.

      Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:

      ауыл шаруашылығы алқаптары – 837 100 га;

      елді мекен жерлері – 68 853 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 3 500 га;

      орман қорының жерлері – 88 077га;

      су қорының жерлері – 54 571 га;

      босалқы жерлер – 238 212 га;

      Аудан климаты шұғыл континенталды, ауа температурасының үлкен тәуліктік амплитудасымен ерекшеленеді. Климаттық жағдайы бойынша аудан аумағы негізінен шөлді-далалық және таулы аймаққа жатады. Аудан аумағының шамамен 45% таулы аймақ болып келеді. Сауыр, Сайхан және Маңырақ таулары ауданның оңтүстік бөлігін тұтастай ала отырып, шығыстан батысқа қарай Тарбағатай тауларына дейін созылып жатыр. Сауыр тауының ең биік жері (Мұзтау) 3800 метрге дейін жетеді. Маңырақ тауы шамамен 1900 метр. Топырақ қабаты құнарлы таулы қара топырақ, таулы қоңыр каштан және таулы ашық каштан түрлес болып келеді.

      Далалы, шалғынды аймақ ауданның ортасы мен солтүстік батысын алып жатыр. Аудан аумағының шамамен 35-40% құрайды. Егістік және шабындық алқаптар негізінен осы аймақта орналасқан. Топырақ қабаты негізінен өнімділігі төмен ашық каштан түрлес.

      Шөлейтті аймақ аудан аумағының шамамен 15-20% құрай отырып, ауданның солтүстік-шығысын алып жатыр. Бұл арада Ақжон және Қабырғатал құмды массивтері орналасқан.

      Ауданда 9 мал дәрігерлік пункті, 21 мал көмінділері мен 125 құдықтар бар. Құдықтардың тең жартысы күрделі жөндеуді қажет етеді.

      Қазіргі уақытта Зайсан ауданында 77 590 бас ірі қара, 87 398 бас ұсақ мал, 21302 бас жылқы және 54 бас түйе оның ішінде қосалқы шаруашылықта 25083 бас ірі қара, 54582 бас ұсақ мал, 9319 бас жылқы және 28 бас түйе саналады.

      Зайсан ауданы бойынша барлығы 747 944 га жайылымдық алқаптары бар. Елді-мекен шегіндегі жайылым 61 266 га құрайды.

      Кейбір ауылдық округтерде жеке қосалқы шаруашылығындағы мал санының өсуіне байланысты 22932 га жайылым алқаптарының жетіспеушілігі байқалуда.

      Мал басына қажетті жайылым ауданы 12 айға арналғандықтан және аудандағы қолданылып жүрген жайылым кезеңінің ұзақтығын ескере келе, жоспарда жыл көлемінде ірі-қара малына 7ай, қой-ешкіге 8 ай және жылқы малына 12 ай жайылым қажеттілігі қабылданды. Ірі-қара және ұсақ мал жылдың қалған 4-5 айында дайындалған жем-шөп қоры есебінен күтімде болады.

      Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" заңы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жағдайда ұстап тұру үшін оларды кезеңділікпен және кезектілікпен пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі жайылым айналымы деп аталады.

      Жайылым айналымы схемасын дайындау барысында жыл сайын жайылым учаскелерін пайдалану ретін ауыстыру қарастырылады. Сонымен қатар жайылымның табиғи ерекшеліктері және жайылым пайдаланушылардың шаруашылық жағдайлары ескеріледі.

     


     


     


     


     


     


  Зайсан ауданы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2018-2019 жылдарға
арналған жоспарға
7 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Р/с

Қала және ауылдық округтер

Шалғай жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі

Шалғай жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі

1

Айнабұлақ ауылдық округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан

2

Біржан ауылдық округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан

3

Дайыр ауылдық округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан

4

Карабұлақ ауылдық округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан

5

Қаратал ауылдық округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан

6

Кеңсай ауылдық округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан

7

Сартерек ауылдық округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан

8

Шілікті ауылдық округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан

9

Зайсан қала округі

Сәуір-Маусым

Тамыз-Қазан


Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию на 2018-2019 годы по Зайсанскому району

Решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 22 июня 2018 года № 27-9. Зарегистрировано Управлением юстиции Зайсанского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 12 июля 2018 года № 5-11-161. Утратило силу решением Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 26 июня 2020 года № 56-4

      Сноска. Утратило силу решением Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 26.06.2020 № 56-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьями 8, 13 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Зайсанский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить план по управлению пастбищами и их использованию на 2018-2019 годы по Зайсанскому району согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е. Айнабеков
      Секретарь районного маслихата Д. Ыдырышев

  Утвержден
решением Зайсанского
районного маслихата
от 22 июня 2018 года № 27-9

План по управлению пастбищами и их использованию на 2018-2019 годы по Зайсанскому району

      Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по Зайсанскому району на 2018-2019 годы (далее - План) разработан в соответствии с Законами Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 15090), приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 11064).

      План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории административно-территориальной единицы в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов согласно приложению 1 настоящего Плана;

      2) приемлемые схемы пастбищеоборотов согласно приложению 2 настоящего Плана;

      3) карту с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры согласно приложению 3 настоящего Плана;

      4) схему доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды согласно приложению 4 настоящего Плана;

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища согласно приложению 5 настоящего Плана;

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными в сельском округе согласно приложению 6 настоящего Плана;

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных согласно приложению 7 настоящего Плана;

      8) иные требования, необходимые для рационального использования пастбищ на соответствующей административно-территориальной единице.

      План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев - пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      По административно-территориальному делению в Зайсанском районе имеются 1 городской и 8 сельских округов, 37 сельских населенных пункта.

      Общая площадь территории Зайсанского района 1 044 424 га, из них пастбищные земли – 747 944 га, орошаемые земли – 28 562 га.

      По категориям земли подразделяются на:

      сельскохозяйственного угодья – 837 100 га;

      земли населенных пунктов – 68 853 га;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения - 3 500 га;

      земли лесного фонда – 88 077 га;

      земли водного фонда – 54 571 га;

      земли запаса – 238 212 га.

      Климат района резко континентальный, отличается с большими суточными амплитудами температуры воздуха. По климатическим условиям территория района относится к пустынно-степной и горным зонам. Приблизительно 45% территории района является горным. Занимая всю южную часть района горы Сауыр, Сайхан и Манырак тянутся с востока на запад до гор Тарбагатая. Высшая точка горы Сауыр (Мұзтау) достигает 3800 метра. Гора Манырак примерно 1900 метр. Почвенный слой представлены из плодородного горного чернозема, горными темно-каштановыми и горными светло-каштановыми почвами.

      Степная, луговая зона занимает центральную и северо-западную часть района. Составляет приблизительно 35-40% территории района. Пахотные и сенокосные угодья в основном расположены в этом районе. Почвенный слой в основном низкопродуктивные светлокаштановые почвы.

      Полупустынные регионы занимает северо-восток от района, что составляет примерно 15-20% от всей площади. В этих местах расположены песчаные массивы Акжон и Кабыргатал.

      В районе действуют 9 ветеринарных пунктов, 21 скотомогильников и 125 колодцев. Половины этих колодцев требует реконструкций.

      В настоящее время в Зайсанском районе насчитывается 77 590 голов крупного скота, 87 398 голов мелкого скота, 21 302 голов лошадей и 54 голов верблюда, из них у подсобного хозяйства 25 083 голов крупного скота, 54 582 голов мелкого скота, 9319 голов лошадей и 28 голов верблюда.

      По Зайсанскому району имеются всего 747 944 га пастбищных угодий. В черте населенного пункта числится 61 266 га пастбищ.

      В некоторых сельских округах в связи с ростом поголовья скота на личных подворьях ощущается недостаток 22 932 га пастбищных угодий.

      Необходимая площадь пастбища на одну голову животного рассчитана на 12 месяцев и учитывая длительность пастбищного периода в районе, в плане продолжительность пастбищного периода для крупного скота принято 7 месяцев, для овец и коз 8 месяцев и для лошадей 12 месяцев. Крупные и мелкие скоты остальные 4-5 месяцев в году будут находиться на стойловом содержании.

      Согласно Закону Республики Казахстан "О пастбищах", пастбищеоборот – это система периодического и последовательного использования пастбищ и ухода за ними для поддержания их в продуктивном состоянии в соответствии с планом по управлению пастбищами и их использованию.

      При подготовке схемы пастбищного оборота ежегодно рассматривается замена порядка использования пастбищами. Так же учитываются природные особенности пастбищ и хозяйственные условия пользователей пастбищ.

     


     


     


     



     



     


  Приложение 7
к Плану по управлению
пастбищами
и их использованию
по Зайсанскому району
на 2018-2019 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

Городские и сельские округа

Период отгона животных на отдаленные пастбища

Период отгона животных с отдаленных пастбищ

1

Айнабулакский сельский округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь

2

Биржанский сельский округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь

3

Дайырский сельский округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь

4

Карабулакский сельский округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь

5

Каратальский сельский округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь

6

Кенсайский сельский округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь

7

Сартерекский сельский округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь

8

Шиликтинский сельский округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь

9

Зайсанский городской округ

Апрель-Июнь

Август-Октябрь