РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне және жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-6/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-109 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 6 ақпанда аудандық "Достық" газетіне жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Бошақов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |