РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 441 ұсынысы негізінде Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Шілікті ауылдық округіндегі Жалши және Қазақстан ауылдарындағы шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 5 "Шілікті ауылдық округіндегі Жалши және Қазақстан ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4886 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шілікті ауылдық округ әкімі | Қ. Сағиев |