РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 438 ұсынысы негізінде Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан қала округінің "ДЭУ", "Бойна" мөлтек аудандарына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан қаласы әкімінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 8 "Зайсан қала округінің "ДЭУ", "Бойна" мөлтек аудандарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5299 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан қала әкімі | А. Дутбаев |